|
| 2012-02-09 |
Предложение |
| |
Саламатсызба!Құрметті Қылышбай Алдабергенұлы! Мен Серікбаев Сакен Келісұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Политехникалық институтында "Мұнай-газ саласын технологиялық машиналармен жабдықтау" мамандығы бойынша 3-курс студентімін. Менің сізге ұсынар сұрағым, практика жайында болып отыр. Біз әр курстың аяғында практикаға барамыз, яғни негізінен мұнай саласында жұмыс жасап жатқан компанияларға ұсыныс тастаймыз. Бірақ соңғы кездері студенттерді олар өздеріне алғысы келмейді. Оқу процесінде үйренгенімізді, тәжірибе жүзінде көрсек, жақсы маман болып қалыптасуымызға үлкен көмек болар еді. Осы мәселені бізге шешіп беруіңізді сізден өтінемиз!
Құрметті Қылышбай Алдабергенұлы сіздің алдағы қызметтеріңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға береке бірлік тілеймін! Сакен sakenseri.kz@mail.ru |
|
| 2012-01-24 |
Предложение |
| |
Саламатсыз ба құрметті Қылышбай Алдабергенұлы! Сізді сайлау науқанында облыстық мәслихатқа депутат болып сайлануыңызбен құттықтаймын.Сізге тек толағай табыс тілеймін. Қылышбай Алдабергенұлы,сізге айтайын дегенім, Алматы қаласындағы 70 жылдық тарихы бар Мемлекеттік кітапхананың жабылуына байланысты,кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптарды небары 100 теңгеден сатып жатыр. Осыған байланысты сол кітаптарды өзіміздің кітапхана қорына сатып алсақ калай болар еді. Осы мәселені сізге хаьбардар еткім келіп еді. Гульмира gulmirakanat_70@mail.ru |
|
| 2012-01-22 |
Заявление |
| |
Құрметті Қылышбай Алдабергенұлы,Сізді облыстық мәслихатқа депутат болуыңызбен шын жүректен отбасымыздың атынан құттықтаймыз!Деніңізге саулық,отбасыңызға бақыт,еңбегіңізге табыс тілейміз.Сізді халықтың ойынан шығып, қызмет етеді деп сенеміз.
Құрметті Қылышбай Алдабергенұлы,Сізге өтінішпен хат жолдап отырмын.Менің қызым Құралбайқызы Гүлнұр осы оқу орнының Филология факультеті,ПД-11-1 тобының І-курс студенті. Қазіргі уақытта үш балам да студент.Қызым Гүлнұр мектепті өте жақсы бітірді. 1-семестрді де өте жақсы аяқтады.Оқу ақысының 242900 теңгесін төледік.Бізге оқу ақысын төлеу қиындау болып тұр. Жақсы оқитын студенттерге кішкене жеңілдіктер қарастырыла ма? Себебі отбасымызда өзім ғана жұмыс істеймін.Мектепте бастауыш сынып мұғалімімін.Ерім жұмыссыз. Егер көмек болып,жеңілдіктер қарастырылса,Сізге отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз болар еді.Аман-сау болып тұрыңыз! Гульнара gulnar--1966@mail.ru |